Бүгін КТК-дан Чемпиондар лигасының кезекті тур ойындарын көріңіздер - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін КТК-дан Чемпиондар лигасының кезекті тур ойындарын көріңіздер

Бүгін КТК-дан Чемпиондар лигасының кезекті тур ойындарын көріңіздер

“КТК” арнасында үлкен футбол. Әдеттегідей біз сіздерді Еуропаның ең мәртебелі футбол додасы чемпиондар лигасын тамашалауға шақырамыз.

  • 21 Қараша 2012
  • 439
Фото - Caravan.kz


Топтық кезеңнің 5-ші турында мәскеулік “Спартак” өз алаңында “Барселонаны” қабылдайды. Өткен айналымда “Селтикке” жол берген каталондық клуб мәскеуден үш ұпай олжалауға ниетті. Алайда ауа райының қолайсыздығы “Барселонаға” қол байлау болуы әбден мүмкін. Оған қоса негізгі құрамда өнер көрсететін Алексис Санчес, Эрик Абидаль сынды ойыншылар алдағы матчқа қатыспайды. “Спартак” сапында да жарақат алғандар аз емес. Бүгінгі кездесуге аргентиналық легионер Николас Пареха, Артем Дзюба, Эйден Макгиди және Рамуло сынды футболшылар қатыспайды. Унай Эмерей жаттықтыратын ресейліктер бұл матчта жеңіске жетуге барын салмақ. Өйткені “Спартак” жеңілген жағдайда топтан шыға алмайды. Бұл матчты сіздер біздің арнадан түнгі сағат 11-де тікелей эфирден көре аласыздар.