Бүгін Лондон Олимпиадасында 23 медаль жиынтығы ойнатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Лондон Олимпиадасында 23 медаль жиынтығы ойнатылады

Бүгін Лондон Олимпиадасында 23 медаль жиынтығы ойнатылады

2012 жылғы Олимпиада кестесіне сүйенсек, бүгін әлемдік додада 23 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

  • 9 Тамыз 2012
  • 505
Фото - Caravan.kz

Бүгін жағажай волейболынан ең үздік ерлер командасы мен жүлдегерлер анықталса, бокстан шаршы алаңға 51, 60 және 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі әйелдер шығады.

Әйелдер командасы су полосынан қола медаль үшін таласады. Содан соң финал өтеді.
Еркін күресте 55 және 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі әйелдер «қола» үшін күреседі, артынша жарыстың финалы өткізілмек.
Байдарка мен каноэшылар төрт медаль жиынтығын өзара бөліске салады.
Спорт сүйер қауым бүгін ат спортынан финалдық ойындарды тамашалай алады.
Жеңіл атлеттер бес медальды сарапқа салады. Ерлер: кедергілермен 110 метрге жүгіру, үш қарғып секіру, 800 метрге және 2000 метрге жүгіру; әйелдер: найза лақтырып жарысады.
Желкенді спортта ерлер бір медаль жиынтығы үшін бақ сынаспақ.
Әйелдер арасында 10 шақырымға жүзу, 10 метрлік биіктіктен суға секіру жарыстары өтеді.
Сонымен қатар, бүгін таэквандошылар да татамиге шығады. 58 келіге дейәінгі ерлер, мен 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі әйелдер белдесіп, екі медаль жиынтығын сарапқа салады.
Әйелдер футболынан әлем чемпионы мен күміс, қола жүлдегерлер де бүгін анықталмақ.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера