Чемпионатқа Астана, Алматы қалаларынан, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Алматы және Павлодар облыстарынан келген командалар қатысуда. Жарыстың аясында республикалық велотректе 2011 жылғы Азиаданың тестілік жарыстары өтеді. Бұл шара техникалық қызметтердің, төрешілер корпусының, еріктілер мен басқа да мамандардың алдағы Азиада бағдарламасына дайындықтарын тексеруге мүмкіндік береді. Төрешілер бригадасына 6 халықаралық және 12 ұлттық төреші кіріп отыр.
Аталмыш спорт кешенінде велотрек, 25 метрлік бассейн, спорт түрлеріне арналған әмбебап зал, фитнес-клуб, 100 орындық қонақүй бар. 2009 жылы велотрек жобасына мұз айдыны қосылды, Азиада ойындары кезінде осы айдында шорт-тректен және мәнерлеп сырғанаудан жарыстар өткелі отыр.