«Кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың маңызды мәселелері, мұнай-газ кешені, атом және электр энергетикасы, ғарыш, өнеркәсіп кооперациясы жайы сөз болады», — деп хабарлайды Ресей үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, екі елдің үкімет басшылары Кеден Одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберіндегі интеграциялық байланыстар тақырыбын да сөз етіседі.