Бүгін Мәскеуде Ресей мен Қазақстан премьерлері кездеседі

«Кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың маңызды мәселелері, мұнай-газ кешені, атом және электр энергетикасы, ғарыш, өнеркәсіп кооперациясы жайы сөз болады», - деп хабарлайды Ресей үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, екі елдің үкімет басшылары Кеден Одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберіндегі интеграциялық байланыстар тақырыбын да сөз етіседі.