Ресми түрде, жоғары мемлекетаралық деңгейде «Мұхиттардың дүниежүзілік күнін» өткізу идеясы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 1992 жылы өткен саммитте айтылған болатын. Содан бері бұл атаулы күн дүниежүзілік мұхитқа қатысы бар елдердің барлығында дерлік кеңінен аталып келеді. Бұл күні эколог-ғалымдар, ихтиологтар, көптеген аквариумдар, хайуанаттар бақтары, дельфинарий қызметшілері мұхиттың қайталанбас тіршілік иелері мен өсімдіктерін олар үшін зор қауіп — адам ашкөздігінен сақтап қалу үшін өз күштерін үйлестіреді.