Бүгін «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының есеп беру-сайлау конференциясы өтеді
27 қарашада, сейсені күні, сағат 11-де елордадағы Конгресс-холлда «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының XVII есеп беру-сайлау конференциясы өтеді, деп хабарлады партияның Астана филиалының баспасөз қызметі. |
Конференция жұмысына «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов, «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Жаңабергенов қатысады.
Конференцияда партияның қалалық филилы Саяси кеңесінің жаңа құрамын және бақылау-тексеру комиссиясын сайлау өткізіледі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін