Дәл осы күні содан оншақты күн бұрын ғана өткен сайлауда халықтың 98,8 пайыз дауысына ие болған Нұрсұлтан Назарбаевты Мемлекет басшысы ретінде ұлықтау рәсімі өтті, деп хабарлайды qamshy.kz.
Салтанатты шара сол кездегі еліміздің елордасы Алматы қаласындағы Республика сарайында ұйымдастырылды. Қазақстан Президенті ант беретін мінбенің астына ешкімнің аяғы тимеген, ешкім баспаған ақ кілем төселді.
Мемлекет басшысының иығына шапан жабылды. Сол тұста жасы 90-нан асқан халық ақыны Шәкір Әбенов бата беріп, халқымыздың көрнекті қаламгері, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев тілек айтты.