Жарияланды: 20

Бүгін Нұр-Сұлтанда Оңтүстік-батыс айналма жолы ашылады

Бүгін Нұр-Сұлтанда Оңтүстік-батыс айналма жолы ашылады Сурет - Astana.gov.kz

Салтанатты рәсім Премьер-министр Асқар Маминнің қатысуымен өтеді.

Бүгін, 29 қарашада Нұр-Сұлтанның І-техникалық санатқа жатқызылатын оңтүстік-батыс айналма жолы ашылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Салтанатты рәсім Премьер-министр Асқар Маминнің қатысуымен өтеді.

Алдында бұл автожолдың жоба бойынша жоспарланған 8 қозғалыс жолағының 4 жолағы пайдалануға берілген, соның ішінде әуежайға қатынайтын бағыты да бар. Учаскенің құрылысы барысында жоғары беріктілікпен ерекшеленетін шақпақтасты-мастикалық асфальтбетон қолданылды.

Аталған жол қаланың айналма жолымен жалғанады, оның жалпы ұзындығы – 128 шақырым.

Жоспар бойынша оңтүстік-батыс айналма жолы қолданысқа 2020 жылдың 1 қаңтарда берілуі тиіс болатын. Демек, құрылыс жұмысы мерзімінен бұрын аяқталып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін