Бүгін Нью-Йоркте WBA әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин американдық боксшы Габриэль Росадомен кездесу өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Нью-Йоркте WBA әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин американдық боксшы Габриэль Росадомен кездесу өткізеді

Бүгін Нью-Йоркте WBA әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин американдық боксшы Габриэль Росадомен кездесу өткізеді

Бүгін Нью-Йоркте MadisonSquareGarden аренасында WBA әлем чемпионы және орташа салмақ дәрежесінде IBO белдігінің иегері - қазақстандық Геннадий Головкин американдық боксшы Габриэль Росадомен жұдырықтасады, деп жазды «Время» газеті.

  • 19 Қаңтар 2013
  • 377
Фото - Caravan.kz

Басылым атап өткендей, соңғы баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде әлем чемпионы Геннадий Головкин қысқа-нұсқа қайырды: «Бұл шайқас — өзім үшін және менің қарсыласым үшін әлемге біздің қабілеттеріміз бен алғырлығымызды көрсетуге болатын оңтайлы мүмкіндік. Барлықтарыңызға рахмет».

Габриэль Росадо өз кезегінде сөзге сараңдық танытпады: «Мен бірінші орташа салмақ дәрежесінде IBF чемпионының атағына үміткер жанмын, негізінде мен аздаған уақыт күтіп, титулды шайқасты Корнелиус Бандрейджбен өткізуіме болар еді, бірақ орташа салмақ дәрежесінде Геннадий Головкинге қарсы жұдырықтасу үлкен тәуекел, қомақты қаражат. Мен бұл кездесуді тағатсыздана күтудемін. Менің спорттағы жолым оңай болмады. Мен мақсатыма ешқашанда оңай жетіп, сәті түсіп, бағы жанып кеткен адам емеспін. Дегенмен қиындықтардың адамды не әлсірететіні, не одан да мықты ететіні белгілі. Бұл өмірдің қиындықтары мені мықты болуға итермеледі. Мен бұл кездесуде жеңіске жететініме сенімдімін, бұны мен толық сеніммен кесіп айта аламын», — деді ол.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера