Жарияланды: 590

Бүгін парламент сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті аяқталады

Астана. 2 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін парламент сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті аяқталады. Бұл туралы ҚР ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Парламент сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу және өткізу бойынша іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2 қазан күні сағат 24.00-де кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті аяқталады",- деді ол. Ол : "3 қазанда, сондай-ақ, дауыс беру күні - 4 қазанда - сайлауалды үгіт жүргізуге тыйым салынған", деп атап өтті. Сайлау комиссияларының үй-жайлары мен дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерлерде бұрыннан ілінген баспа үгіт материалдары сол орындарында сақтала алады. Бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулерді дауыс беретін күн алдындағы бес күн ішінде және дауыс беретін күні жариялауға жол берілмейді. Бүгінгі күні республика бойынша Сенат депутаттығына барлығы 37 кандидат тіркелген. 2008 жылғы 4 қазан күні дауыс беру мәслихаттар депутаттарының бiрлескен отырысында өтедi. Бұл отырысқа тиiстi өңірдің мәслихаттары депутаттарының елу пайыздан астамы қатысуы шарт. Дауыс беру өткізілген болып есептелуі үшін оған бірлескен отырысқа келген таңдаушылардың елу пайыздан астамы қатысуы тиіс. Дауыс беруді тиісті аумақтық сайлау комиссиялары сайлау заңнамасы талаптарына сәйкес ұйымдастырады және өткізеді. Сайлау туралы заңның 9 бабына сәйкес, Парламент Сенаты депутаттарының сайлауында дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған кандидат сайланған болып саналады. Егер дауыс берудің бірінші турында, оған екіден астам кандидат қатысқан болса, және олардың бірде-бірі қажетті дауыстар санын ала алмаса, онда сол күні дауыс берудің екінші туры өткізіледі. Қайта дауыс беру бойынша бюллетеньге басқа үміткерлермен салыстырғанда ең көп дауыстар алған екі кандидаттың ғана аты-жөні енгізіледі. Екінші турда басқа кандидатпен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың көпшілігінің дауысын алған кандидат жеңген болып табылады. 2008 жылғы 28 тамызда шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын тіркеу аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша барлығы 58 халықаралық байқаушыларды аккредитацияланды. Олардың ішінде 49 байқаушы - ТМД Миссиясының, 5 байқаушы - ШЫҰ Миссиясының құрамына кіреді және тағы 4 байқаушы - шет мемлекеттердің өкілдері болып табылады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін