Бүгін Премьер-Министр Қызылорда облысына сапарлайды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Премьер-Министр Қызылорда облысына сапарлайды

Бүгін Премьер-Министр Қызылорда облысына сапарлайды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барады.

  • 15 Қараша 2012
  • 327
Фото - Caravan.kz

Үкімет басшысының ресми сайты таратқан ақпаратқа қарағанда, Байқоңыр қаласында С.Ахметов қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысады, сондай-ақ «В.Н.Челомей атындағы халықаралық ғарыш мектебі» лицейінде, «Гагариндік ұшыру алаңында» және Ю.Гагарин мен С.Королевтің мұражайларында болады.

Н.Ілиясов атындағы ауылдық округтің үлгісінде тірек елді-мекендерді дамыту бағдарламасының таныстырылымында ауылдағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, жергілікті өзін-өзі басқару, «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту-2020» бағдарламасы мәселелері талқыланады.

Облыс орталығында Үкімет басшысына Қызылорда қаласының жаңа әкімшілік орталығын дамыту жоспары таныстырылады. С.Ахметов сондай-ақ облыстық медициналық орталықты және балалар үйлерінің түлектері тұрып жатқан Жасөспірімдер үйін аралайды.

Үкімет басшысы ат басын тірейтін жаңа бизнес-орталықта оның төрағалығымен кеңес өтеді және онда әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысы және өңірдегі Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы қаралады.

Соңғы жаңалықтар