Жарияланды: 520

Бүгін - Пушкин күні

Бүгін - Пушкин күні. Бұл атаулы күн Ресей Федерациясы Президентінің 1997 жылғы 27 мамырдағы Жарлығымен ұлы ақынның туылған күні салтанатына орай жыл сайын атап өтіледі

Александр Пушкин шығармашылығын жоғары бағалайтын қазақстандықтар да жер-жерде ақын ескерткішінің алдына барып, рухына тағзым етіп, өлеңдер оқиды. Александр Пушкин 1833 жылы Орынбор және Орал қалаларына келген. «Пугачев тарихына» қатысты мағлұматтар жинап, «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» эпосын жазып алған. Оның шығармалары 19-шы ғасырдың 2-ші жартысында Абайдың аударуымен елімізде кеңінен таралды. Абай «Евгений Онегиннен» бірнеше үзінді-нұсқаларды таңдап алып, «Татьянаның хаты», «Ленскийдің сөзі» атты өлеңдер шығарды. Ақын Ілияс Жансүгіров «Евгений Онегин» романын бірінші болып толық аударды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть