Бүгін - Қант диабетіне қарсы дүниежүзілік күрес күні - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін - Қант диабетіне қарсы дүниежүзілік күрес күні

Бүгін - Қант диабетіне қарсы дүниежүзілік күрес күні

Қант диабетіне қарсы дүниежүзілік күрес күнін 1991 жылы Халықаралық диабет федерациясы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгіледі.

  • 14 Қараша 2012
  • 729
Фото - Caravan.kz

1922 жылдың қаңтарында Канадалық жас ғалым Фредерик Бантинг тарихта тұңғыш рет қант диабетінің аса ауыр түрімен сырқаттанған 14 жастағы ұл балаға инсулин инъекциясын жасап, оның өмірін құтқарып қалды. Инсулинге патент алып, қалтасын ақшаға толтырудың орнына Бантинг барлық құқықты Торонто университетіне берді. Одан әрі инсулинді шығару құқығы Медициналық зерттеулер бойынша Канадалық кеңеске өтті, ақырында 1922 жылдың соңында дәрі-дәрмектер нарығында жаңа препарат пайда болды.

2007 жылдан бері Қант диабетіне қарсы дүниежүзілік күрес күні БҰҰ-ның ұйымдастыруымен өтеді. Дата 1891 жылдың 14 қарашасы күні дүниеге келген Ф.Бантингтің еңбегін мәңгі есте қалдыру мақсатында таңдап алынды.

Фредерик Бантинг пен оның әріптесі Чарльз Бестаның жаңашылдығы миллиондаған адамның өмірін сақтап қалды. Қант диабеті бүгінгі күнге дейін жазылмас дерт болып отырғанына қарамастан, инсулиннің арқасында адамдар бұл сырқатты бақылауда ұстауға үйренді.

Ғаламшардың шамамен 200 миллион тұрғыны осы аурудың құрығына іліккен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының болжамына сәйкес, қант диабетімен ауыратындардың саны 2015 жылы 300 миллионға жетеді деген қауіп бар.

2010 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша, Қазақстанда 175 685 адам қант диабеті диагнозымен тіркелген. Бұл — ресми есеп. Денсаулық сақтау мамандарының зерттеулеріне қарағанда олардың нақты саны 700 мыңнан асып жығылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар