Бүгін Қаратау мен Жаңатас қалаларын электр энергиясымен қамтамасыз ету жүйесі толығымен қалпына келтіріледі
![]() |
Бүгін Қаратау мен Жаңатас қалаларын электр энергиясымен қамтамасыз ету жүйесі толығымен қалпына келтіріледі. |
Бұл туралы Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.
Оның атап өтуінше, Қаратау қаласына ыстық су беріліп, Жаңатас қаласындағы қазандық іске қосылған. Сонымен қатар аталған қалаларда электр энергиясын беру жүйесі 30-40 пайызға қалпына келтірілген.
«Қаланың төмен кернеулі желісі қазірдің өзінде қалпына келтірілді. Менің ойымша, бүгін-ақ Қаратауда, сонымен қатар Жаңатаста да электр энергиясы толығымен қалпына келтіріледі», -деді В.Божко.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін