Бүгін - Қауіпсіздік жөніндегі маман күні - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін - Қауіпсіздік жөніндегі маман күні

Бүгін - Қауіпсіздік жөніндегі маман күні

Қауіпсіздік жөніндегі маман күні - қауіпсіздікті құру және қамтамасыз ету қызметінің барлық кәсібилері кеңінен атап өтетін мереке.

  • 12 Қараша 2012
  • 363
Фото - Caravan.kz

Басқаша айтқанда, бүгін өз тағдырларын ауыр мамандық — секьюритимен (ағылш. security) байланыстырған барлық мамандарды құттықтауға болады.

Мерекенің бастамашысы және ұйымдастырушысы — қауіпсіздік жөніндегі ірі интернет-портал Sec.Ru. Олардың ұсынысы бойынша Қауіпсіздік жөніндегі маман күні жыл сайын 12 қараша күні атап өтіледі.

Қауіпсіздік жөніндегі мамандардың жұмысы нарықтағы жоғары технологиялы және сұранысы үлкен кәсіп. Секьюрити мамандары адамдар өз қауіпсіздіктері үшін риясыз алғыстарын білдіретін — құтқарушылар, полицейлер мен өрт сөндірушілер сияқты дәстүрлі кәсіп иелерімен қатар, соңғы кезде бұқаралық ақпарат құралдарының назарларын өздеріне айтарлықтай аударта бастады.

Көптеген жылдар бойы қауіпсіздік қызметі бұл — ерлердің аса қиын кәсібі деп саналып келді. Бірақ соңғы жылдары нәзік жандылар бұл стереотипті бұзып келеді. Осыған орай бүгін бірқатар мемлекеттерде қауіпсіздік саласындағы әйелдер арасында «Қауіпсіздік аруы» байқаулары өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар