Бүгін - Қазақстан кеденшілерінің кәсіби мерекесі
Бүгін Қазақстан Республикасының кеден органдары құрылған күн. |
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 1992 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының қаржы, салық және кеден қызметтерін қайта құрылымдау туралы» Жарлығына сәйкес, аталған барлық қызметтер біртұтас жүйе - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне біріктірілді.
Қазақстан Республикасының кеден органдарының негізгі міндеті - Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, материалдық және мәдени құндылықтардың елден заңсыз шығарылуының, қару-жарақ пен есірткінің әкелінуінің жолын кесу, контрабандамен күрес, республика бюджетіне кедендік баждардың аударылуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы азаматтар мен көліктердің өтуін ұйымдастыру және өзгелері болып табылады. Маңызды міндеттердің бірі, сондай-ақ кеден қызметінің білікті мамандарын даярлау болып табылады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін