Бүгін Қазақстан қоржынына 5 алтын түсті - Азиада-2011 - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін  Қазақстан  қоржынына  5  алтын  түсті  - Азиада-2011

Бүгін Қазақстан қоржынына 5 алтын түсті - Азиада-2011

Ауа райы Азиада жарыстарының бүгінгі бағдарламасына өзгерту енгізді.

  • 4 Ақпан 2011
  • 790
Фото - Caravan.kz

Тұманның салдарынан биатлоншылардың 15 шақырымға жарысы мен тау шаңғышыларының супержарысы және трамплиннен секірушілердің жаттығуы ертеңге ауыстырылды.

Есесіне бүгін шаңғымен бағдарлаушылар ерледі — қазақстандық спортшылар команда қоржынына 4 медаль салды: оның екеуі — алтын. Ольга Новикова мен Михаил Сорокин Азиададағы үшінші алтындарын қанжығаға байлады. Ал Азиада басталғалы бері бағдарлаушылар 12 медаль еншіледі, оның алтауы — алтын.

Тағы екі алтынды могулшылар әперді: қазақстандық Юлия Галышева Азиадағы екінші алтынын олжаласа, ерлер арасында Дмитрий Бармашов алтыннан алқа тақты.

Ал хоккейші қыздарымыз Қытай құрамасын 4:1 есебімен жеңіп, Азиаданың чемпионы атанды.

Бүгін сондай-ақ Астанада мәнерлеп сырғанаудан жарыс басталды — спортшылар қысқа бағдарлама бойынша өнер көрсетті. Спорттық жұптар арасында қытайлық спортшылар көш бастаса, ерлер арасында бірінші орында қазақстандық Денис Тен тұр.

Бүгінгі, 3 ақпанның жалпы қорытындысы төмендегідей:

Шаңғы жарысы, классикалық жүріс (Алматы)

Әйелдер, 5

1. Масако Исида (Жапония) 16 мин 10,3

2. Мадока Нацуми (Жапония)

3. Хонсюэ Ли (Қытай)

Ерлер, 10 шақырым

1. Кейсин Йосида (Жапония) 29,39,2

2. Николай Чеботько (Қазақстан)

3. Алексей Полторанин (Қазақстан)

Фристайл, жұптасқан могул (Алматы)

Әйелдер

1. Юлия Галышева (Қазақстан) (екінші алтыны)

2. Юлия Родионова (Қазақстан)

3. Мики Ито (Жапония)

Ерлер

1. Дмитрий Бармашов (Қазақстан)

2. Осаму Уэно (Жапония)

3. Юго Цукито (Жапония)

Шаңғымен бағдарлау, ұзақ қашықтық (Алматы)

Әйелдер

1. Ольга Новикова (Қазақстан) 52 мин. 59 (үшінші алтыны)

2. Евгения Кузьмина (Қазақстан)

3. Джа Юн Ким (Оңтүстік Корея)

Ерлер

1. Михаил Сорокин (Қазақстан) 58 мин 06 (үшінші алтыны)

2. Алексей Немцев (Қазақстан)

3. Герелт-Од Баяраа (Моңғолия)



Допты хоккей (бенди) (Алматы)

Ерлер

Қазақстан-Кырғызстан 21:0

 

Шайбалы хоккей (Алматы)

Әйелдер

Жапония- КХДР 6:0

Қазақстан-Қытай 4:1 (алтын)

 

Шайбалы хоккей (Астана)

Ерлер

Таиланд-Малайзия 16:1

Жапония-Оңтүстік Корея 6:1

Қазақстан-К.Тайпэй 35:0

Жалпы есеп

Орын

Мемлекет

Алтын

Күміс

Қола

Барлығы

1

Қазақстан

18

17

12

47

2

Оңтүстік Корея

10

6

8

24

3

Жапония

8

15

11

34

4

Қытай

8

6

9

23

5

Иран

0

0

2

2

6

Моңғолия

0

0

2

2

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера