Жарияланды: 390

Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбыр, найзағай, күшті желдер болады

«Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, Қазақстанның басым аумағы атмосфералық ағымдармен байланысты циклонның әсерінде болады.

Мұнда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, ұйытқыма желдер соғады. Ал республиканың солтүстік аймақтары антициклон тарамдарының ықпалында болып, ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Атап айтқанда, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, таңертең және күндіз Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында 15-20 м/с екпіндегі желдер сақталады, бұршақ түсуі ықтимал. Таңертең және түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей аумақтарында тұман болса, Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген өңірлерінде қатты ыстық күтілуде. Сондай-ақ синоптиктердің болжауынша бүгін, Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Алматы облысының солтүстік, Ақтөбе облысының оңтүстік өңірінде және Қарағанды облысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін