Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбыр, найзағай, күшті желдер болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбыр, найзағай, күшті желдер болады

Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбыр, найзағай, күшті желдер болады

«Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, Қазақстанның басым аумағы атмосфералық ағымдармен байланысты циклонның әсерінде болады.

  • 24 Маусым 2011
  • 375
Фото - Caravan.kz

Мұнда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, ұйытқыма желдер соғады. Ал республиканың солтүстік аймақтары антициклон тарамдарының ықпалында болып, ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Атап айтқанда, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, таңертең және күндіз Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында 15-20 м/с екпіндегі желдер сақталады, бұршақ түсуі ықтимал.

Таңертең және түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей аумақтарында тұман болса, Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген өңірлерінде қатты ыстық күтілуде.

Сондай-ақ синоптиктердің болжауынша бүгін, Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Алматы облысының солтүстік, Ақтөбе облысының оңтүстік өңірінде және Қарағанды облысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар