Жарияланды: 330

Бүгін ҚР Премьер-Министрі С. Ахметовтің Ресей Федерациясына жұмыс сапары басталды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі С. Ахметовтің Ресей Федерациясына жұмыс сапары басталды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің Ресей Федерациясына жұмыс сапары басталды.

Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметінен мәлім етті. Бұл Серік Ахметовтің Үкімет басшысы ретіндегі Ресейге бірінші сапары. Бағдарламада Премьер-Министрдің Ресей Федерациясының басшылығымен кездесулері жоспарланған. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық саладағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту, сондай-ақ индустриалық-инновациялық сектордағы қазақстан-ресей өзара ықпалдастығын кеңейту мәселелері талқыланады. Премьер-Министр «Сколково» ғылыми қалашығында болып, инновациялық жобалармен танысып, жаңа технологияларды коммерцияландыру мен әзірлеу орталығы даму қорының басшыларымен кездесетін болады. Үкімет басшысы жұмыс сапары барысында «Навигациялық-ақпараттық жүйелер» АҚ-ға болып, «ЭРА-ГЛОНАСС» апат кезінде шұғыл әрекет ету жүйесінің таныстырылымына қатысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін