Бүгін Қытай Коммунистік партиясының жаңа бас хатшысы қызметіне кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Қытай Коммунистік партиясының жаңа бас хатшысы қызметіне кірісті

Бүгін Қытай Коммунистік партиясының жаңа бас хатшысы қызметіне кірісті

Қытай Коммунистік партиясының жаңа бас хатшысы өз ісіне кірісті. Бүгін Ху Цзиньтаоның партиядағы орынтағына оның орынбасары Си Цзиньпин жайғасты. Әзірге ол партияға ғана жетекшілік етеді, ал 2013-ші жылдың көктемінде аспан асты еліндегі билікті толық қолына алуы тиіс.

  • 16 Қараша 2012
  • 340
Фото - Caravan.kz


Есімі оңайлықпен айтыла қоймайтын жаңа басшы көпшілік үшін жұмбақ тұлға болып отыр. 59 жастағы бас хатшы Шаньси провинциясында дүниеге келіп, Бейжіңнің үздік оқу ордаларында білім алған. Әкесі де кезінде Мао Цзэдун заманында лауазымды қызметтер атқарған қоғам қайраткері. Десе де Си Циньпин әлемге танымал саясаткерлердің қатарынан емес. Ресми мәліметтерде 1974-ші жылдан бастап компартия қатарында екені ғана айтылады. Біраз уақыт аймақтарда басшылық қызметтер атқарған. Әйелі Қытайдағы ең танымал әншілердің бірі Пэн Лиюань. Ал жалғыз қыздары Гарвард университетінде білім алуда. Блумберг агенттігінің мәліметінше, Циньпиндер әулетінің байлығы миллиондап саналады. Саяси сарапшылар болса, Си Цзиньпин Қытай мен батыс елдерінің арасын біршама жақсартуы тиіс деп жорамалдап отыр.

Соңғы жаңалықтар