Жарияланды: 180

Бүгін Сенат конституцияға өзгерістер енгізетін заң жобасын қарайды

Бүгін Сенат конституцияға өзгерістер енгізетін заң жобасын қарайды

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарайды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Аталған заң жобасы бойынша баяндаманы Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина жасады.

«Мен сіздерге 6 конституциялық заңға қандай өзгертулер енгізу қажеттігін түсіндірдім. Аталған заң жобаларындағы өзгертулер еліміздегі конституциялық реформаны жетілдіруге бағытталған. Сондықтан аталған өзгерістердің еліміз үшін кері әсері болмайды», - деді ол.

Өз кезегінде депуттар аталған заң жобасын қолдады. Енді аталған құжат Сенат отырысында талқыланады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть