Бүгін сенаттың жаңадан тағайындалған спикерінің төрағалық етуімен палатаның жалпы отырысы болып, онда үш халықаралық құжат қабылданды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін сенаттың жаңадан тағайындалған спикерінің  төрағалық етуімен  палатаның жалпы отырысы болып, онда  үш халықаралық құжат қабылданды

Бүгін сенаттың жаңадан тағайындалған спикерінің төрағалық етуімен палатаның жалпы отырысы болып, онда үш халықаралық құжат қабылданды

Бүгін, 18-наурызда Қазақстан Республикасы парламенті сенатының жаңадан тағайындалған төрағасы Нұртай Әбіқаевтың басшылығымен палатаның жалпы отырысы болып, онда үш халықаралық құжат қабылданды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне сенаттың баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Наурыз 2004
  • 458
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, «ҚР үкіметі мен Бельгия Корольдігі үкіметінің арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімді» әрі «ҚР үкіметі мен Ресей Федерациясы үкіметі арасындағы ҚР Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері мен РФ Әскери әуе күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдеріне жауынгерлік атыстар өткізу үшін әскери полигондар өзара беру тәртібі туралы келісімді бекіту жөніндегі» заң жобалары бекітілді. Аталған Келісім негізінен Тараптар мемлекеттері қарулы күштерінің әскери әуе күштері мен әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерінің өзара іс-қимылын жетілдіру, жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру мақсатын көздейді.

Сондай-ақ, бұл құжат жауынгерлік атыстарды ұйымдастыру үшін қару-жарақты және әскери техниканы, нысаналарды жеткізу мен берудің, олар аяқталғаннан кейін қару-жарақты және әскери техниканы қабылдап алудың және пайдаланылған авиациялық зақымдау құралдарын әкетудің, полигонда қауіпсіздік шараларын сақтаудың, медициналық қызмет көрсетудің тәртібін және басқада ұйымдастыру сипатындағы шараларды регламенттейтін болады,- деп хабарлады баспасөз брифингінде Сенаттың Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Владимир Алесин.
Үшінші талқыланған құжат «ҚР мен Халықаралық Қайта Құру және даму банкі арасындағы «Ормандарды сақтау және республика аумағындағы орманды алқаптарды көбейту» жобасын дайындауға грант бөлу туралы келісімді бекіту туралы» заң жобасы. Бұл мәселеге грант бөлудің мақсаты Қазақстанда ормандарды игеру жұмыстарын жақсарту мен ауыл халқының табыстарын ұлғайтуды басты міндет ретінде көздейтін аталған жобаны дайындауға жәрдем көрсету болып табылады.
Бұдан соң сенаторлар күн тәртібі бойынша кейбір заң актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару мәселелеріне байланысты және СПИД ауруының алдын алу туралы, мемлекеттік құпиялар туралы заң жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талқылайды.

Соңғы жаңалықтар