Бүгін таңертең Алматы облысының аумағында жер сілкінді
![]() |
Бүгін таңертең Алматы облысында жер сілкінді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады. |
«ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің мәліметтері бойынша, 2011 жылғы 14 маусымда, таңертеңгі сағат 9-дан 12 минут кеткенде Алматы облысының аумағында жер сілкінді. Зілзаланың кіндігі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасты. MSK-64 бағаны бойынша 3 балл қуатымен жерасты дүмпулері Текелі қаласында сезілді», - делінген ведомствоның таратқан хабарламасында.
ТЖМ-нан анықтағандай, құрбандар мен қираулар туралы ақпараттар түскен жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін