Бүгін - Темекі шегуден бас тартудың халықаралық күні - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін - Темекі шегуден бас тартудың халықаралық күні

Бүгін - Темекі шегуден бас тартудың халықаралық күні

Шылым шегуден бас тартудың халықаралық күні қараша айының үшінші бейсенбісінде атап өтіледі.

  • 15 Қараша 2012
  • 738
Фото - Caravan.kz

Ол 1977 жылы Американдық онкологиялық қоғаммен бекітілді.

Бүгінгі күні ҚР заңнамасында темекі өнімдерін жарнамалауға және оларға демеушілік етуге шектеулер енгізілді, кәмелетке толмағандарға темекі сатуға, жекелеген қоғамдық орындарда шылым шегуге тыйым салынды. Темекі өнімдерін өндірушілер сатып алушыларға өз өнімдерінің құрамында бар никотин мен қарамай заттарының көлемі туралы ақпарат беруі тиіс.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес:

— әлемде өкпенің қатерлі ісігінің 90 пайызы, бронхтардың созылмалы ауруының 75 пайызы және жүрек сырқаттарының 25 пайызы шылым шегуден болады;

— әрбір он секунд сайын жаһанда темекіге құмар бір адам өледі (2020 жылға қарай бұл деңгей үш секундта бір адамға дейін артуы мүмкін);

Статистикалық деректерге қарағанда, жыл сайын темекі, спирттік ішімдік сияқты зиянды заттардың салдарынан емделуге азаматтар 5 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы жұмсайды. Темекі өнімдерін шығаратын компаниялар Қазақстаннан 2 миллиард АҚШ долларынан астам пайда түсіреді. Негізінен, бұл өнімнің 90 пайызы Қазақстанға сырттан тасымалданады.

Жыл сайын Қазақстанның темекі нарығына 30 миллиард дана шылым түседі. Бұл санды адам басына шаққанда, еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін күніне 9 шылымнан келеді. Қазіргі кезде Қазақстанда 4,2 миллион адам темекіге әуес.

Темекі — құрамында никотин (nicotiana) және төрт мыңға жуық улы зат бар темекі өсімдігінің майдаланған, құрғатылған және қолдануға дайын күйдегі жапырағынан жасалады. Темекі — жапырағында танин, желім, шайыр, крахмал және алколоидтар бар. Ең көп мөлшерде никотин алколоиды бар. Никотин сульфат тұздары ауыл шаруашылығында құрт-құмырсқаны өлтіру үшін қолданылады. Никотин — циаминге пара-пар у. Никотин улы зат болғандықтан, медицинада дәрі ретінде қолданылмайды. Мәселен, 5-6 тамшы никотинді итке берсе, ол сол заматта өліп кетеді. Ал, бір қорап темекінің құрамындағы никотинді инемен шаншыса, адам лезде көз жұмады. Алайда, адам ағзасы никотинді қан арқылы емес тыныс жолымен қабылдайтындықтан, бірден емес, «баяу өлім» арқылы өз түбіне өзі жетеді.