Ведомствоның хабарына сәйкес, бүгін түнгі сағат 00:01-де Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінген. Жер сілкінісінің кіндігі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 37 шақырым жерде болған. Жерасты дүмпуі Алматыда 2 балл шамасында сезілген.
Қираулар мен құрбандар туралы ақпарат жоқ.