Бүгін Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионаты 5-турының ақтық ойындары өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионаты 5-турының ақтық ойындары өтеді

Бүгін Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионаты 5-турының ақтық ойындары өтеді

Бүгін Атырауда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 5-турының ақтық ойындары өтеді.

  • 11 Наурыз 2012
  • 417
Фото - Caravan.kz

Алғашқы 3 ойынның қорытындысы бойынша турнир кестесінде 4-орында келе жатқан алаң иелері бұл бәсекеде өз қоржынына 8 ұпай қосып, өскемендіктермен арадағы ұпай айырмашылығын 1-ге дейін қысқарта алды.

Бұл турнирде алдымен өскемендіктерге, одан кейін атыраулықтарға 2:3 есебімен жеңіліп қалған алматылықтар, өз қоржынына 7 ұпай салды. Осыған қарамастан олар турнир кестесіндегі көшбасшылықты берік ұстауда. Хромтаулықтар ( «ТНК Қазхром») да төрт кездесуде 8 ұпайға ие болғанмен, бұл алматылықтарды қуып жетуге жеткіліксіз болып отыр. Бүгін өтетін ақтық ойында «Есіл» (Қызылжар) мен «Алматы», «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) пен «Конденсат» (Орал), «Атырау» мен «ТНК «Қазхром» өзара кездеседі.

Қазір турнир кестесінде 60 ұпаймен «Алматы» көш бастауда. Одан 6 ұпайы кем «ТНК Қазхром» — екінші, ал 33 ұпай жинаған «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» үшінші орында келе жатыр. Өскемендіктерден 1 ұпайы кем атыраулықтар — төртінші, 22 ұпаймен «Есіл» — бесінші және 16 ұпаймен оралдықтар алтыншы орында тұр.