Біздің заманымызға дейінгі 8 ғасырда жасалған мына бір монеталар - Алматы облысының Қарғалы ауылынан табылған. Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалалар тарихынан сыр шертетін алғашқы теңгелер осы. Күмістен және мыстан жасалған. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған бұл тиындардың бір қарағанда еш құндылығы жоқ сияқты. Алайда, сырты жұқа, шеттері майысқан болса да, мұның біреуіне бүгінгі бағаммен 16 қой сатып алуға болады екен. Жәдігерлер арасынан Батыс Түрік қағанатының, Қараханидтер династиясының және Ежелгі Отырардың ақшаларын да кездестіруге болады. Ұлттық теңгемізге арналған көне ақшалар көрмесі 22-інші қарашаға дейін жалғасады.
Айгүл Рахтаева, экскурсия бөлімінің бастығы:
- Теңгенің пайда болуы дейміз. Бұл алғаш 7-ші ғасырда Тараз қаласында пайда болған. Үшбұрышты, төртбұрышты теңгелер болған дейді. Мұның бәрін біздің экспозициядан көре аласыздар.