Бүгін Вегетарианшылдардың халықаралық күні - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Вегетарианшылдардың халықаралық күні

Бүгін Вегетарианшылдардың халықаралық күні

Халықаралық веган күні (World Vegan Day) Веган қоғамы өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өткен - 1994 жылдың 1 қарашасында пайда болды.

  • 1 Қараша 2012
  • 338
Фото - Caravan.kz

Веган сөзін Дональд Уотсон «vegetarian» («вегетарианшыл», «вегетариандық») сөзінің алғашқы үш және соңғы екі әрпінен құрады. Бұл терминді 1944 жылдың 1 қарашасында Лондонда Д.Уотсон негізін қалаған Веган қоғамы пайдалана бастады.

Веганизм (вегандық) — қатаң вегетариандықты, яғни еттен мүлдем бас тартқан өмір сүру дағдысын ұстану. Вегандар құрамында жануарлардан алынған компоненттер мүлдем болмайтын, тек өсімдікті азық-түліктермен тамақтанады. Олар ас мәзірлерінен тіпті, жұмыртқа, сүт, бал және осыларға ұқсас өзге де азық-түліктерді алып тастаған. Вегандар былғарыдан, ішіктен, жүннен, жібектен жасалған киім-кешектерді кимейді.

Жоғарыда аталғандардан бас тартудың себебі әртүрлі болуы мүмкін, бірақ негізгісі — жануарлардың өлтірілуіне және оларға қатыгездіктің көрсетілуіне қатысты болуды қаламау.

Соңғы жаңалықтар