Бүгін Жамбыл облысында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің Тұрар Рысқұлов учаскесінде жол қозғалысы іске қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Жамбыл облысында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің Тұрар Рысқұлов учаскесінде жол қозғалысы іске қосылады

Бүгін Жамбыл облысында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің Тұрар Рысқұлов учаскесінде жол қозғалысы іске қосылады

2012 жылғы 25 қазанда Жамбыл облысында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің Тұрар Рысқұлов (Құлан ауылы) учаскесінде жол қозғалысы салтанатты түрде іске қосылады.

  • 25 Қазан 2012
  • 337
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Салтанатты шараға қазақстандық эстрада жұлдыздарынан, қоғам қайраткерлері мен журналистерден құралған «Жаңа Жібек жолы» атты ақпараттық шеруінің қатысушылары қатысады.

Еске салайық, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің Санкт-Петербор-Мәскеу-Кіші Новгород-Қазан-Орынбор-Ақтөбе-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Қорғас-Үрімші-Ланьчжоу-Чжэнчжоу-Ляньюньган бағыты бойынша жалпы ұзақтығы 8 445 шақырымды құрайды. Оның 2 233 шақырымы -Ресей Федерациясының, 2 787 шақырымы -Қазақстан Республикасының және қалған 3 425 шақырымы Қытай Халық Республикасының аумағымен өтеді.

Қазақстанда 2452 шақырым жол қайта жөндеуге жатады.

Соңғы жаңалықтар