Бүгінгі Абай бұрынғы Абайлардан әлдеқайда жас - Есмұқан Обаев - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгінгі Абай бұрынғы Абайлардан әлдеқайда жас - Есмұқан Обаев

Бүгінгі Абай бұрынғы Абайлардан әлдеқайда жас - Есмұқан Обаев

Кеше Алматыдағы Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театры 2009-2010 жылғы театр маусымын «Абай» трагедиясының премьерасымен аяқтады.

  • 28 Маусым 2010
  • 628
Фото - Caravan.kz

«Бұл жолы біз Абайды ұлы ойшыл, кемеңгер, ақын ретінде ғана танымаймыз. Адам жанының қорғаушысы, тәуелсіздік тынысын елге себуші, көпшілік қара халықтың қолбасшысы, мұңын мұңдап жоғын жоқтайтын жоқтаушы, және сазгер ретінде көреміз. Бүгінгі Абайлар бұрынғы Абайлардан әлдеқайда жас. Қойылым театрдың 86 жылдық тарихында осымен төртінші рет қойылып отыр», дейді трагедияның қоюшы-режиссері ҚР халық әртісі Есмұқан Обаев. Онда Е. Біләлов (Абай), Д. Жүсіп ( Әйгерім), А. Бектемір (Оразбай), Б. Тұрыс ( Қанікей), Д. Ақмолда ( Керім), Е, Дайыров (Айдар), Н. Қарабалитна (Ажар) сияқты өнер шеберлері ойнады. Қойылым Абайдың «Мен өз өмірімде оған жетпедім, көрмеспін ол күнді. Сол болашақ үшін бір шөмшектей, бір ғана кірпіштей болса да кесек қалап кетсем арманым жоқ. Сәлем деңдер соларға, сәлем деңдер ұрпағым» деген сөздерімен аяқталады.

Мұхтар Әуезов пен Леонид Соболевтің бұл трагедиясы алғаш рет 1940 жылы қазанның 30-ы күні Асқар Тоқпанов режиссерлігімен қойылған болатын. Онда басты кейіпкерлерді Қ. Қуанышбаев (Абай), Ш. Айманов (Керім), Қ.Әділшінов (Жиренше), О. Жұмағұлов (Оразбай), Р, Қойшыбаева (Зейнеп), Ж. Жалмұханбетова (Ажар), М, Сыздықов (Айдар) сомдады. Екінші рет 1962 жылы Әзірбайжан Мәмбетовтің режиссерлігімен 1962 жылы мамырдың 29-ында қойылды. Онда Абайды Ы. Ноғайбаев пен М. Сүртібаев орындады. Ә. Мәмбетов кейін оны 2002 жылы қайта сахналаған кезде Абайды Б. Әбділманов сомдап шықты.