Сондай-ақ, фестиваль UniFrаns қолдауымен Қазақстанға қайта оралып отыр.
Бұл туралы бүгін «Бүгінгі Француз киносы» фестиваліне арналған арнайы баспасөз мәслихатында белгілі болды.
«Былтырғы жылы барлық баспасөз қызметкерлері мен көрермендер біздің киноны жылы қабылдады. Халық өте көп болды. Қазіргі таңда біз фильмдерді тек халық үшін ғана түсіріп жатырмыз. Қазақстандық кино, киногерлер, кино индустрия саласы, жалпы кинозалдар қарқынды дамып келеді. Яғни қазақ киносымен санасуға болады. Қазақ киногерлерінің киноөнімдерін түсіруге деген құлшыныстары, кинотеатрлардың қарқынды құрылысы мен қайта құрылымдаулары, сонымен бірге, қазақ көрерменіне ұнайтын халықаралық нарықтағы фильмдерді таңдаудағы прокатшылардың тәуелсіз саясаты — келешекте бұл мемлекеттің маңызды киногерлер нарығына айналатынының дәлелі. Фестивальге алып келген кинолардың бәрі — 2010 жылғы туындылар. Алғашқы көрсететін фильміміз — «Кеден құшағын ашады» деген кино. Ол 8 миллионнан аса көрерменді жинады. Яғни, Гарри Поттер туралы фильмдердің кез келгенінен озып отыр. Осы фильм арқылы біз фестивалімізді ашайын деп отырмыз. Фестивальге әкелген кинолардың бәрі әртүрлі жанрдағы фильмдер. 2010 жылы біз 261 кино өндірдік. Яғни, таңдау көп жерде, фильм жанрлары да әртүрлі және көбірек болатыны айқын. Фильмдер арасында Канн фестивалінен «Ең үздік режиссер» жүлдесін иеленген кино да бар. Ол — «Сиқыршы». Сондай-ақ, осы жылы Оскарға ұсынған киноны да алып келдік. Ал, кино көрсетілімі барысында бес фильмнің де басты рөлде ойнаған әртістері қатысатын болады. Сондай-ақ, режиссерлері де келеді» — деді UniFrаns Шығыс Европадағы ісі жөніндегі директордың орынбасары Жоэль Шапрон.
Былтырғы қыркүйек айында көрсетілген фестиваль фильмдерін үш күннің ішінде тамашалауға 2300-ден аса көрермен келген. Олардың ішінде 400-ден аса жасөспірім көрермендер түнгі қысқа метражды фильмдерді өте жоғары бағалаған.
Сонымен қатар фестиваль аясында кейбір режиссерлердің үлкен жетістікке ие болған алғашқы шығарылымынан тұратын қысқаметражды кинолардың түні, сондай-ақ, әлемге танылған француз әртістерінің фотобаяндары бейнеленген 60 қа жуық фоторепортажды көрме ұсынылатын болады.
Фильмдер сәуірдің 21 мен 24 аралығында көрсетілетін болады.