Жарияланды: 440

Бүгіннен бастап Алматыда электр жарығы 76 тиынға қымбаттады

Бүгіннен бастап Алматыда электр жарығы 76 тиынға қымбаттады

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің электр энергияның бөлшек саудадағы бағасын көтеру бойынша өтінімін қарады. Жаңа тариф ҚҚС-сыз 13,66 теңге/кВтсағ көлемінде ұсынылды, ал қолданыстағы орташа жіберу тариф ҚҚС-сыз 12,8 теңге/кВтсағ құрайды, бұл 6,7 % жоғары. «Департаментпен «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС ұсынған ҚҚС-сыз 13,66 теңге/кВтсағ мөлшеріндегі орташа жіберу тарифінің жобасы ҚҚС-сыз 13,56 теңге/кВтсағ (қосылған құн салығынсыз) мөлшері деңгейіне дейін төмендетілді»,- делінген Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәліметтерінде. Атап айтқанда, электр энергиясына сараланған тарифтер келесідей келісілді: 1) Тәулік зоналары бойынша: жеке тұлғалар үшін (ҚҚС-сыз): түнгі зона тарифі - 3,83 теңге/кВт/сағ.; күндізгі зона тарифі - 17,39 теңге/кВт/сағ.; басқа тұтынушыларға (ҚҚС-сыз): түнгі зона тарифі - 3,83 теңге/кВт/сағ.; кешкі зона тарифі - 28,37 теңге/кВт/сағ.; күндізгі зона тарифі - 13,56 теңге/ кВт/сағ.. 2) Үш деңгейлі тарифті қолданумен жеке тұлғалармен оны тұтыну көлеміне байланысты (ҚҚС-сыз): ең төменгі тариф (Т1) - 12,01 теңге/кВт/сағ.; ең жоғары тариф (Т2) - 16,28 теңге/кВт/сағ.; ең жоғары тариф (Т3) - 20,35 теңге/кВт/сағ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін