Бүгіннен бастап балағаттағандар 70 мың теңгеге жуық айыппұл арқалайды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгіннен бастап балағаттағандар 70 мың теңгеге жуық айыппұл арқалайды

Бүгіннен бастап балағаттағандар 70 мың теңгеге жуық айыппұл арқалайды

Бүгіннен бастап Әкімшілік заңбұзушылықьар туралы Кодекске өзгерістер енгізіліп жатыр. Кодекске сәйкес балағат сөздерге қатысты заң айтарлықтай күшейтілген.

  • 6 Наурыз 2023
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгіннен бастап қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны үшін жазаны күшейтетін түзетулер күшіне енеді. Енді балағат сөз айтқан тұлғаға 69 мың теңге айыппұл (бұрын 17250 теңге шамасында болатын)салу немесе 15 тәулікке дейін қамау түрінде шара қолданылады.

Бұл ретте осы заңға қатысты кейбір сұрақты түсіндіріп өтсек.

Егер біреу "Мені балағаттады" деп айыптаса, бірден айыппұл сала ма?

Әр арызға қатысты полиция қызметкерлері айғақ жинайтын болады. Оған — азаматтың арызы, куәгерлердің куәлік етуі, сонымен қатар заңбұзушылықты дәлелдейтін видео, аудиожазбалар жатады. Кейбір жағдайда сарапшының қорытындысы қажет болады. Кейіннен сот айыптың қаншалықты дәлелденгеніне құқықтық баға беріп, шешім қабылдайтын болады.

Үйде немесе көлікте балағат сөздер айтқаны үшін жаза қолданыла ма?

Барлығы сол кездегі жағдайға байланысты. Қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, жан-жақтағы адамдарға құрмет көрсетпеу, сондай-ақ азаматтардың тыныштығын бұзып, қоғамдық тәртіпті сақтамау тәрізді ұсақ бұзақылықтар кезінде шара қолданылады.


Әлеуметтік желідегі балағат сөздер үшін айыппұл салына ма?

Әлеуметтік желідегі балағат сөздер үшін шара қолданылады. Бұл ретте ең алдымен оның қоғамдық орындарда айтылуы және қоршаған ортасына құрметсіздік көрсетуі ескерілетін болады.

Балағат сөздер қай тілде айтылса, айыппұл салынады?

Жалпы балағат сөздер қай тілде болсын айтылса да, оған қатысты шара қолданылады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, ең алдымен оның қоғамдық орындарда айтылуы және қоршаған ортасына құрметсіздік көрсетуі ескеріледі.

Айта кетейік, елімізде қоғамдық тәртіпке байланысты заңбұзушылықтарды алдын алу үшін балағат сөздерге қатысты заң қатаңдатылып жатыр.