Бүгіннен бастап такси жүргізушілері түбіртек беруге міндетті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгіннен бастап такси жүргізушілері түбіртек беруге міндетті

Бүгіннен бастап такси жүргізушілері түбіртек беруге міндетті

Елімізде 1 сәуірден бастап такси жүргізушілері жолаушыларға түбіртек беруге міндеттеліп отыр.

  • 1 Сәуiр 2019
  • 135
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Атап айтқанда, «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №206 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Өзгерістер 1 сәуірден, яғни бүгіннен бастап күшіне енеді.

Оған сәйкес, салық төлеушілер өз қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерінің тізімі ұзарып, 323-ке жеткен.

Такси жүргізушілерімен бірге түбіртек беруге шаштараз және сұлулық салонының қызметкерлері, ломбардтар мен қонақүйлер, құмар және бәс тігу ойындарын ұйымдастырушылар, сондай-ақ сылақ жұмыстарын орындаушылар, аудио және бейнетехникалардың,  тұрмыстық электр аспаптарының бөлшек саудасымен айналысушылар міндеттелген.


Түбіртек беруге міндеттеліп отырған қызмет түрлерінің толық тізімін мына жерден көруге болады.

 

Перейти к новостям спорта