Бүгіннен бастап ыстықтың беті қайтады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгіннен бастап ыстықтың беті қайтады

Бүгіннен бастап ыстықтың беті қайтады

Қазақстан аумағына арктикалық теңіз жағалауынан салқын және ылғалды ауаның келуі әлі де жалғасуда.

  • 13 Шiлде 2017
  • 234
Фото - Caravan.kz

Сондықтан, республиканың көптеген облыстарында өткен тәуліктерде кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр жауып, ауа температурасы климаттық нормадан 2-5ºС төмен болды. Тек республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысында ауа температурасы нормадан жоғары, бірақ 40 градус ыстықсыз болды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республика аумағында алдағы үш тәулікте солтүстіктен әлі де  ауа массаларының келуі жалғасады, соған байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ, күшті екпінді жел соғып, ауа температурасы  нормадан 3-5ºС төмен болады деп күтілуде.


Перейти к новостям спорта