Бұхара көгілдір отын аймағы- Ташкент-Бішкек-Алматы" газ тасымалдау жүйесінің Қырғызстанға қарасты активтерін өткеріп беру 1-маусымға дейін аяқталады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұхара көгілдір отын аймағы- Ташкент-Бішкек-Алматы" газ тасымалдау жүйесінің Қырғызстанға қарасты активтерін өткеріп беру  1-маусымға дейін аяқталады

Бұхара көгілдір отын аймағы- Ташкент-Бішкек-Алматы" газ тасымалдау жүйесінің Қырғызстанға қарасты активтерін өткеріп беру 1-маусымға дейін аяқталады

"Бұхара көгілдір отын аймағы- Ташкент-Бішкек-Алматы" газ тасымалдау жүйесінің Қырғызстан аумағындағы активтерін Қазақстан мен Қырғызстанның бірігуімен құрылған "ҚырҚазГаз" Бірлескен кәсіпорнына сенімді басқаруға беру шаралары 2005-жылғы 1-маусымға дейін аяқталады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстандағы Қазақстан елшілігінен хабарлады.

  • 21 Сәуiр 2005
  • 592
Фото - Caravan.kz

Елшіліктің түсініктемесіне сәйкес, мұндай уағдаластыққа ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимр Школьник басқарған үкімет өкілдерінің таяудағы Бішкек сапары кезінде қол жеткізілді.

Тараптар қол қойған хаттамаға сәйкес, өткеріп берілетін активтерді материалдық-техникалық тұрғыда бірлесе бағалау 2005-жылғы 1-мамырға дейін, ал магистралдық газ құбырының активтерін сақтандыру және өткеріп беру шаралары 1-маусымға дейін аяқталуы тиіс.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Бұхара — Бішкек — Алматы» магистральдық газ құбыры учаскелерін бірлесіп пайдалану жөніндегі шешім мемлекет басшылары деңгейінде 2003-жылғы желтоқсанда қабылданды. Қазақстан-Қырғызстан біріккен кәсіпорнын құру туралы уағдаластыққа да сол кезде Астанада үкіметаралық комиссияның отырысында қол жеткізілді. Ал 2004-жылғы қараша айында «ҚырҚазГаз» Бірлескен кәсіпорнын құрып, оған Бұхара көгілдір отын аймағы- Ташкент-Бішкек-Алматы» газ тасымалдау жүйесінің Қырғызстанға қарасты активтерін сенімді басқаруға беру туралы келісімге қол қойылды. Сол кезде Қазақстандық газ мамандары кәсіпорынды дамытуға 2008-жылға дейін 17,5 млн. доллар инвестиция жұмсау туралы келісімді бекіткен. Дегенмен шын мәнінде бірқатар техникалық және заңдық қиындықтарға байланысты активтерді өткеріп беру шарасы өте баяу жүзеге асырылды.
«ҚырҚазГаз» Бірлескен кәсіпорнын құру туралы шешім құбырдың Қазақстанға қарасты бөлігінен газ ұрлауға және оның апатты жағдайына байланысты.
Мамандардың есептеуінше, Қырғызстанның газды рұқсатсыз алып пайдаланғаны үшін берешегі 16 млн. долларға жеткен. Газ құбырының Қырғызстанға қарасты бөлігінің ұзындығы 114 шақырымды құрайды.

Перейти к новостям спорта