"Бұхара-Алматы" газ құбырының Қырғызстандық бөлігі "ҚырҚазГаз" Бірлескен кәсіпорнына беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бұхара-Алматы" газ құбырының Қырғызстандық бөлігі  "ҚырҚазГаз" Бірлескен кәсіпорнына беріледі

"Бұхара-Алматы" газ құбырының Қырғызстандық бөлігі "ҚырҚазГаз" Бірлескен кәсіпорнына беріледі

"Бұхара-Алматы" газ құбырының Қырғызстандық бөлігі "ҚырҚазГаз" Бірлескен кәсіпорнына беріледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстан Республикасы мемлекеттік мүлік пен инвестиция тартуды басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінен бүгін, 22-маусымда хабарлады.

  • 22 Маусым 2004
  • 670
Фото - Caravan.kz

Қазір осынау мемлекеттік комитет «Қырғызгаз» АҚ-мен бірлесе отырып «Бұхара көгілдір отын аймағы- Ташкент-Бішкек-Алматы» газ тасымалдау жүйесінің Қырғызстан аумағындағы активтерін Қазақстан мен Қырғызстанның бірігуімен құрылған «ҚырҚазГаз» Бірлескен кәсіпорнына сенімді басқаруға беру шараларын аяқтап келеді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Бұхара — Бішкек — Алматы» магистральдық газ құбыры учаскелерін бірлесіп пайдалану жөніндегі Қазақстан-Қырғызстан біріккен кәсіпорнын құру туралы уағдаластыққа 2003-жылдың желтоқсан айында Астанада үкіметаралық комиссияның отырысында қол жеткізілді. «ҚырҚазГаз» Бірлескен кәсіпорнын құру — Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы экономикалық интеграциялану жоспарына енгізілген. Бұл шешім құбырдың Қазақстанға қарасты бөлігінен газ ұрлауға және оның апатты жағдайына байланысты.
Мамандардың есептеуінше, 2004-жылдың сәуір айындағы жағдаймен, Қырғызстанның газды рұқсатсыз алып пайдаланғаны үшін берешегі 7 млн. долларға жеткен. Оны қайтарып алу да мүмкін болмай отыр. Газ құбырының Қырғызстанға қарасты бөлігіне қатысты ахуалдың теріс сипатта өрбу мүмкіндігіне байланысты Қазақстанда Қырғызстан аумағын айналып өтетін 124 шақырымдық магистральды газ құбырын тарту жөнінде жоба жасалды.