Бухарест қаласында Қазақстан Республикасының Румыниядағы дипломатиялық миссиясының ресми тұсаукесер шарасы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бухарест қаласында Қазақстан Республикасының Румыниядағы дипломатиялық миссиясының ресми тұсаукесер шарасы өтті

Бухарест қаласында Қазақстан Республикасының Румыниядағы дипломатиялық миссиясының ресми тұсаукесер шарасы өтті

Бухарест қаласында Қазақстан Республикасының Румыниядағы дипломатиялық миссиясының ресми тұсаукесер шарасы өтіп, Республика тәуелсіздігінің 12 жылдық мерейтойына орай ресми қонақасы берілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

  • 23 Желтоқсан 2003
  • 497
Фото - Caravan.kz

Шараға Румыния президентінің дипломатиялық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Симона Микулеску қатысып, ел президентінің атынан елшілік ұжымын ұлттық мерекемен құттықтады. Шараға сондай-ақ, Румыния парламентінің депутаттары, осы ел СІМ-нің басшылығы, Румынияда аккредитацияланған дипломатиялыөқ өкілдіктердің төрағалары, жергілікті қоғам және іскерлік өкілдері қатысты.

Қонақтарға сәлем бере сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Румыниядағы сенімді өкілі, дипломатиялық миссияның жетекшісі Ерік Жүсіпов екі ел арасындағы байланыстардың нығая түсетініне сенім білдірді.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай Бухарест қаласындағы Георге Энеску атындағы музыкалық лицейде Алматылық жас скрипкашы, халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы Ахан Мейірбековтың концерті өтті. Жас музыкант отандық және шетелдік сазгерлердің туындыларын орындады.

Соңғы жаңалықтар