Дәрігерлердің айтуынша, оқиға құрбандарының саны тағы арта түсуі мүмкін, себебі 146 адам қатты күйік алған, ал тағы 25 адамның жағдайлары аса ауыр.
Еске салайық, Бухаресте Colectivу түнгі клубындағы жарылыстан болған өрт салдарынан 200-ге жуық адам зардап шеккен. Оқиға кезінде клубта 500-ге жуық адам болған.
Румыния Премьер-министрі Виктор Понта сенбі күні өткен үкімет отырысында Бухарестегі түнгі клубта орын алған өртке байланысты ұлттық аза тұту жариялады.