Бухарестте 14-15 тамызда екі жақты ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан -Румыния үкіметаралық комиссиясының отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бухарестте 14-15 тамызда екі жақты ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан -Румыния үкіметаралық комиссиясының отырысы өтеді

Бухарестте 14-15 тамызда екі жақты ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан -Румыния үкіметаралық комиссиясының отырысы өтеді

Астана. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Бухарестте 14-15 тамызда екі жақты сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан -Румыния үкіметаралық комиссиясының отырысы өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 13 Тамыз 2008
  • 475
Фото - Caravan.kz

Қазақстан жағынан экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі Ғалымжан Пірматов төрағалық жасайды. Ал комиссияның Румыния жағын осы елдің экономика және қаржы минисрлігінің мемлекеттік хатшысы Виорела Палашкэ абсқарады.

Отырыста Қазақстан мен Румыния арасындағы ынтымақтастықтың келешегі бар бағыттарын талқылау, атап айтсақ, сауда-экономикалық ынтымақтастық, құқық, энергетика, халықаралық автокөлік транспорты, білім беру, ғылым және туризм салаларындағы ықпалдастық жайы талқыланады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Румыния премьер министрінің Қазақстанға жасайтын сапарының аясында қол қойылады деп жоспарланған құжаттардың жобалары талқыланады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстан мен Румыния арасындағы тауар айналымының көлемі 2007 жылы $829,2 млн болды. 1993 — 2008 жалдар аралығында Қазақстан Республикасына келген тікелей шетелдік инвестициялар ағыны $69 млрд жетті, соның ішінде Румынияның Қазақстан экономикасына салған инвестициясы $227,8 млн.

Қазақстанда екі ел бірлескен 15 кәсіпорын істейді, оның басым бөлігі мұнайгаз саласында. Румынияда 5 бірлескен кәсіпорын бар, олар құрылыс, ресурс өндіру, жиһаз, киім, аяқ киім мен дәрі -дәрмек саудасы салаларында жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар