Бүкіләлемдік Ислам лигасы Түркістанда Нәзір Төреқұловқа ескерткіш ретінде мешіт салуға қаржылық көмегін ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүкіләлемдік Ислам лигасы Түркістанда Нәзір Төреқұловқа ескерткіш ретінде мешіт салуға қаржылық көмегін ұсынады

Бүкіләлемдік Ислам лигасы Түркістанда Нәзір Төреқұловқа ескерткіш ретінде мешіт салуға қаржылық көмегін ұсынады

Бүкіләлемдік Ислам лигасы араб елдеріндегі тұңғыш қазақ елшісі Нәзір Төреқұловқа ескерткіш ретінде Түркістанда мешіт салуды қаржыландыру шарасына атсалысуға ниет білдірді. Бұл туралы Бүкіләлемдік Ислам лигасының төрағасы Абдалла Ат-Турки Н.Төреқұловтың өмірбаянын зерттеуші Түркістан тұрғыны Ыбырай Ысмайылға хабарлаған.

  • 3 Қараша 2004
  • 1375
Фото - Caravan.kz

Бүкіләлемдік Ислам лигасының мүшелері құрылыс құнының 75 проценті көлемінде қаржы бөлуге әзірлік танытқан. Түркістанда бұған арнап 0,5 гектарлық жер телімі бөлініп, құрылыстың жобалық-сметалық құжаттары әзірленді.

Ы.Ысмайыл өзінің Сауд Арабиясы Корольдігіне сапары кезінде Бүкіләлемдік Ислам лигасы төрағасының қабылдауында болған. Мұнда ол Н.Төреқұловтың жалғыз қызы Әнел Нәзірқызы туралы мәліметтер жинап қайтқан болатын. Ы.Ысмайыл Абдалла Ат-Туркиге Мәскеу қаласында қазақ, орыс, ағылшын және араб тілінде жарық көрген Нәзір туралы кітабын сыйға тартты. Мешіт салу арқылы Н.Төреқұловқа мәңгілік ескерткіш тұрғызу туралы мәселе сол сапар кезінде талқыланған болатын.

Перейти к новостям спорта