Бүкіләлемдік кеден одағы Ауғанстаннан транзитті есірткі тасымалдау жолдарына тосқауыл қою жөніндегі жоспарымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүкіләлемдік кеден одағы Ауғанстаннан транзитті есірткі тасымалдау жолдарына тосқауыл қою жөніндегі жоспарымен бөлісті

Бүкіләлемдік кеден одағы Ауғанстаннан транзитті есірткі тасымалдау жолдарына тосқауыл қою жөніндегі жоспарымен бөлісті

Бүкіләлемдік кеден одағы өз аумақтары арқылы Ауғанстаннан транзитті есірткі тасымалы өтетін елдердің кедендік әкімшіліктеріне негізгі траффик бағыттарына тосқауыл қою жөніндегі жоспарын ұсынады. Бұл туралы бүгін, 27-қыркүйекте Алматыда өткен Ауғанстанмен шекаралас елдердің кедендік қызметі басшыларының кеңесінде сөйлеген сөзінде Бүкіләлемдік кеден одағының бас хатшысы Мишель Дане атап көрсетті.

  • 27 Қыркүйек 2004
  • 736
Фото - Caravan.kz

Бүкіләлемдік кеден одағы сарапшыларының талдауына сәйкес, аймақ елдерінде Ауғанстаннан транзитті есірткі тасымалданатын түрлі 120-дай бағыт өтетін 35 пункт бар. Бүкіләлемдік кеден одағының Батыс Еуропа аймақтық байланыс желісінің директоры Гаральд Фрелихтің айтуынша, осынау «стратегиялық қақпалар» Ауғанстанмен көршілес жатқан елдердің шекарасында орналасқан. Мәселен, ондай бөлімшелер Қазақстан мен Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Әзербайжан, Кавказдың теріскей беті елдері мен Ресей және Иран шекарасында орналасқан.

Бұл «қақпалар» шекаралардағы «жақсы жабдықталған кедендік өткелектерде» орналасқандықтан, олардың әлеуетін арттыру үшін мемлекеттердің кедендік әкімшіліктері жүк машиналарына арналған сканерлер сынды қазіргі заманғы техникамен жабдықталуы қажет. Осыған байланысты БҰҰ, халықаралық донорлар мен есірткі күресімен шұғылданатын ұйымдардан қажетті қаржы тартуды Бүкіләлемдік кеден одағы өз мойнына алуға әзірлік танытады.
Сонымен бірге Г.Фрелихтің айтуынша, аймақ елдерінің кедендік әкімшіліктері де бұл іске тікелей араласуы тиіс. Олар осы бағытта ұлттық ұсыныстар жобасын әзірлеп, тәуекелдерді басқару жүйесін жасақтау үшін өзара ақпарат алмасу жөніндегі аймақтық құрылымды құруы тиіс.
Жоспар 2005-жылы жүзеге асырыла бастайды деп күтілуде. Г.Фрелихтің айтуынша, оған Еуроодақ елдерін қосқанда 11 ел қазірдің өзінде бірігуге дайын.

Перейти к новостям спорта