Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіргеннен кейін қазақстандық нарыққа ГМО өнімдер қаптап кетеді деген қауіп бар
Қазақстанның «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасының орынбасары Рақым Ошақбаев БСҰ-ға кіргеннен кейін ел нарығына гендік-модификацияланған өнімге барынша жол ашық болады. |
«Бізді толғандыратын нәрсе гендік-модификацияланған өнім айналымы болып отыр. Қазіргі кезде мәжілісте гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы заң жобасы қаралуда, яғни онда БСҰ ережелеріне сүйене отырып, ГМО өнімдердің Қазақстан нарығынатүсуіне барынша жол беру ұсынылған.
«Бұл ГМО өнімдерінің ашық жүйелердегі айналымын көздейді, яғни олар өнеркәсіптік ауқымда, оның ішінде Қазақстан аумағында өсіріледі, сонымен қатар ГМО өнімдер айналымы тағам саласында, мектептер мен балалар мекемелерінде де болады», - деп ол бүгін Астанада Қазақстанның БСҰ-ға кіру мәселесі жөніндегі халықаралық конференцияда атап көрсетті.
«Қазақстанда әсіресе, экспортқа шығарылатын өсімдік өнімдері экологиялық таза өнім ретінде беделге ие екені құпия емес, бұл бедел бізге әлемнің 70-тен астам еліне өнім экспорттауға көмектеседі. Аталшым нормалардың қабылдануы біздің бәсекеге қабілеттілігімізге қаяу келтірмек. Сондықтан, біз үкіметке бұл мәселені шешуде мұқияттық танытып, егер айналымға тыйым салу БСҰ ережесіне қайшы болса, онда күрделі талдау жүргізуді ұсындық, дейді Р.Ошақбаев.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін