Бүкіләлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің кезекті құрылтайы Қазақстанда өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүкіләлемдік және дәстүрлі  діндер жетекшілерінің кезекті құрылтайы Қазақстанда өтеді

Бүкіләлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің кезекті құрылтайы Қазақстанда өтеді

Бүкіләлемдік және дәстүрлі ұлттық діндер құрылтайының алғашқы отырысына қатысушылардың ортақ ұйғарымымен бүкіләлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің кезекті құрылтайы Қазақстанда өтетін болып келісілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Қыркүйек 2003
  • 612
Фото - Caravan.kz

Ұзаққа созылған талқылау нәтижесінде шараның атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Сан алуан конфессияның өкілдері екінші мәрте Қазақстанда Бүкіләлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің кезекті құрылтайына жиналады,- деп қорытты бірінші құрылтайға төрағалық жасаған ҚР Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Конфессия өкілдерінің екі күнгі жұмыс қорытындысы бойынша құрылтайға қатысушылар бүкіләлемдік және дәстүрлі ұлттық діндер құрылтайының декларациясын қабылдады. «Декларацияға өзара сыйластық және төзімділік, бейбітшілік пен әділеттілік идеясы арқау болды. Құжат жер бетіндегі бейбітшілікті сақтау мақсатында біздің өзара ықпалдастығымызбен таяу уақыттарда жасалатын нақты қадамдарға негіз болады «,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар