Айта кетейін, бұл матч Астана уақытымен сағат 04:30-да басталмақ. «Қазақстан» ұлттық арнасы бұл ойынды тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр.
Букмекерлердің пайымдауынша, испания футзалшылары — бұл матчтың айқын фавориттері. Испания құрамасының жеңісіне 1,2 коэффициент берілсе, Қазақстан құрамасының жеңісіне 10 коэффициентке дейін барады. Ал, негізгі уақытта жеңімпаз анықталмайды деген тұжырымға 6,3 коэфициент берілген.
Испания құрамасы ширек финалға шығады дегенге 1,08 коэфициенті қойылса, Қазақстан құрамасына 7,75 коэфициент белгіленіпті.
Естеріңізге сала кетейін, Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатында екі рет қатарынан жеңіске жеткен болатын. Алғашқы матчта Аргентинадан 0:1 есебімен жеңілсе, екінші ойында Коста-Рика құрамасын 3:1 есебімен тізе бүктірді. Топтық кезеңнің соңғы кездесуінде жерлестеріміз Соломон аралдарынан келген футзалшыларды 10:0 есебімен ойсырата ұтып кеткен болатын.