Букмекерлік кеңсені тонаған ұры қолға түсті - Қызылорда облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Букмекерлік кеңсені тонаған ұры қолға түсті - Қызылорда облысы

Букмекерлік кеңсені тонаған ұры қолға түсті - Қызылорда облысы

Қызылорда облысында полицейлер букмекерлік кеңсені тонаған ұрыны құрықтады. Операция кезінде қолында қаруы бар күдікті өз-өзін атып тастамақ болған.

  • 29 Қыркүйек 2014
  • 411
Фото - Caravan.kz

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бетін тұмшалап алған ол түнде Шиелі ауданындағы букмекерлік кеңсенің кассасын тонап, 320 мың теңгеден астам қаржымен қашып кеткен.

«Төңіректі шолу барысында көзге түскен күдікті полицейлерден сытылып кетпек болған. Тұйыққа тірелген кезде өз-өзін атып тастамақ болған оған полицейлер кедергі жасады», — делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.