"Бұл ақынның да басын сұқпайтын тесігі жоқ екен": Пирамида деп танылған компанияға Балғынбек Имаштың қатысы бар ма - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+31 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бұл ақынның да басын сұқпайтын тесігі жоқ екен": Пирамида деп танылған компанияға Балғынбек Имаштың қатысы бар ма

"Бұл ақынның да басын сұқпайтын тесігі жоқ екен": Пирамида деп танылған компанияға Балғынбек Имаштың қатысы бар ма

Қаржы мониторинг агенттігі  «Amanat Drive» қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді.

  • 4 Маусым
  • 322
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Компания пайызсыз бөліп төлеуге үй мен көлік әпереміз деген уәдемен 8 мыңнан астам салымшыдан 21 млрд теңгеден астам қаражат тартқан.

Журналист Гүлмира Әбіқайдың айтуынша, даулы оқиғада Балғынбек Имаштың да аты аталып жүр.

«Amanat drive


Тағы бір әйгілі компания пирамида болып шықты. Бұл туралы бүгін Алматы облыстық ҚМА хабарлады. Аmanat-Drive тұтынушы кооперативі ретінде 2020 жылы Астана қаласында құрылған. Жарғыда 19 қызметкері бар, төрағасы Көңілбай Шүкенов деп көрсетіліпті. Шүкеновты өмірде тірідей көрмеппін, дегенмен “бәленшеге тегін көлік сыйлапты, үй беріпті” деген мәрттігі лента беттерін бермейтін. Оу баста “Amanat Home” деп аталған компания кейін 2-ге бөлініп, бір-бірімен 40 пышақ болып жатқанын да желіден оқыдым.


Қысқасы, 4 жылда пайызсыз үй мен көлік аламын деген 8 мың адам бұл кооперативке 21 миллиард теңге құйып тастапты. Жарнамасы жер жарған негізгі қызметтің азғантай бөлігі ғана орындалған. Көбіне үй мен көлік кооператив жетекшілерінің өз таныс-туыстарына берілген. Оның өзі жалған құжаттармен рәсімделгені анықталып отыр. Жарнамалық қызмет, сараптама, тұрғын үй мен көлік саласын болжамдау сынды жөнсіз шараларға жалған құжатпен біраз ақша бөлініп, сыртқа шығарылған. 21 миллиардтың 1,8 млрд теңгесін обналичка жасап үлгеріпті. Бұл соммаға коттедж, Астанадан пәтерлер сатып алынып, Hummer H2, Lexus LX 570 сынды қымбат автокөліктер алынған. Қылмысын жасыру үшін Көңілбай мырза өзіне емес кооперативтің сенімді өкілдерінің атына рәсімдеген.


Айтпақшы, оқиға арасында әйгілі айтыскер ақын Б. Имаштың фамилиясы қылаң береді. Бұл ақынның да басын сұқпайтын тесігі жоқ екен деп ойладым. Өткенде Астанадағы жоқ базардан орын сатып, басы дауға қалып еді. Маған жылап сұхбат берген әйелге “Өлләхи біллахи, міне мартта берем, ақша болмаса үй әперемін” деп еді, қазір маусым болды, түк жоқ. Сол баяғы қызыл сөз, құрғақ уәде. “Балғынбектің базары” «Дау-дамайсыз» бағдарламасының келесі маусымында жалғасын табады.


“Amanat Drive” келсек, кезінде су жаңа көлікті хабарына шақырған журналистке сарт еткізіп сыйға тартқан К. Шүкенов қазір қамауда, тергеу басталды. Енді Жылқышыбай жүрген шығар “көлікке мініп алып қарай берем, ішінде нақақ көзден жас бар ма деп”? Түсінгенім, бізге еш нәрсе сабақ болмайды екен…», — деп жазды журналист.

Желі қолданушылары аталмыш компанияға жарнама жасағандарды да жауапқа тартуды ұсынуда.

«Эльмира Эшниязованы жауапқа тарту керек. 24сағат бойы Аманат Хоум, Аманат Драйвты жарнама жасады», «Мен де Балғынбек Имашевтың жасаған жарнамасына сеніп ақша құйғам. Енді отырмын не ақша, не үй жоқ», «Алтынай Жорабаева, Ғалым Маханбетов, Эльмира Ешниязова мүлкі тәркіленіп жазалансын. Неге қу құлқыны үшін қарапайым халықты алдайды? Балғынбек Имаш та беті жүн жүн болып бір ұятсыз екен. Барлығын бірге жазалау керек!! Осындай адамдарды халық беттеріне түкіріп сахнадан қуу керек», — деп жазды олар.