"Бұл Атасудағы әкесінің бейітін құлатқан кез еді": Бекболат Тілеуханның әкесінің моласын қиратқаны рас па? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бұл Атасудағы әкесінің бейітін құлатқан кез еді": Бекболат Тілеуханның әкесінің  моласын қиратқаны рас па?

"Бұл Атасудағы әкесінің бейітін құлатқан кез еді": Бекболат Тілеуханның әкесінің моласын қиратқаны рас па?

Белгілі ақын Светқали Нұржан БекболатТілеуханның Атасудағы әкесінің бейітін құлатқаны жайлы "Сұрауы бар" сұхбатында айтып қалды.

  • 13 Маусым 2022
  • 2894
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы  хабарлайды.

"Осыдан 16 жыл бұрын «Ай көрдім, аман көрдім» деген Бекболат Тілеуханов туралы памфлет жазғанмын. Бұл Атасудағы әкесінің бейітін құлатқан кез еді. Бір қызығы, қазақ деген кешегі жолда жұқтырған жаман қасиеттері жетерлік. Ілияс Жансүгіров айтады ғой, «Халқыңның өзің білесің де, ісіне күйесің де, қаласың кейде кейіп, кейде мәз боп, әйтеуір сол халықты сүйесің де».  Бізде жолда жұқтырған жаман әдеттеріміз көп. Империялардың эксперименттері, жерлеріміздің тартып алу арқылы біздің бойымызға көреалмастық, қызғаныш, ғайбат өсектерден қорықпау әртүрлі жаман қасиеттер пайда болды. Ең басты тәрбиешіден – дінімізден айыру арқылы бұл қасиеттерді сіңдірді"- деді Светқали Нұржан.

Ақынның айтуынша, Тілеуханов пен Тазабеков келгенде қазақ ондай дүниелерді жасаған жоқ.


"Қолдары жеткен биікке дейін көтерді. Мемлекетте жоғары сыйлықтарды берді. Тіпті үлкен ағаларымыз үлкен тілектерді аяусыз жазды. Әбіш Кекілбаев «Жырау» деген керемет шығармашылығын арнады. Қадыр Мырза Әлі, Тілеуханов болмаса, қазақ өнері құрып кетер еді деген пікірлерді Шыңғыс Айтматов білдірді. Алланың тағы – сенің ұлтыңның алақаны. Ал енді соңында не болды? Соңында бәрі сен сол тақты тастап, жат идеологияға кетті",- деді танымал ақын.